Внимание! Туристический сбор.

Иностранные граждане, прибывающие в РК (г. Кызылорда) обязаны оплатить туристский взнос в размере 5 (пять) процентов от стоимости услуг проживания за каждые сутки, не включая расходы за дополнительные услуги отеля. Тур. сбор не является доходом гостиницы налогом и не облагается НДС.

От уплаты туристского сбора освобождены иностранные граждане, являющиеся действующими сотрудниками организаций, официально зарегистрированных на территории РК, а так же при регистрации в отеле. За неполный день пребывания иностранцев в местах размещения туристов туристский взнос для иностранцев взимается как за полный день пребывания.

«Sultan Plaza» қонақ үй кешені

«Sultan Plaza» қонақ үй кешені – Қызылорда қаласының дәл орталығында орналасқан жалғыз бес жұлдызды қонақ үй. Эксклюзивтілік пен тамаша сапаны бағалайтын талғампаз саяхатшылар мен іскер адамдар үшін арнайы жасалған. Қазіргі заманғы идеялармен туындаған және сәулет көркемділігі бойынша таңғажайып қонақ үй интерьері салтанат пен жоғары жайлылықты толықтай сезінуге мүмкіндік беретін таңдаулы, классикалық стильде орындалған.

Қонақтарға 79 кең, таңдаулы және тамаша жабдықталған классикалық стильдегі бөлмерлер ұсынылады. Жоғары жайлылықты бөлмелер, делюкс бөлмелері, отбасылық бөлмелер, өкілдік классты люкстер, сонымен қатар сәулетті президенттік апартаменттерді таңдау мүмкіндігі ұсынылған.

Салтанатты бөлмелерден бөлек Sultan Plaza қонақ үйі Сіздердің назарларыңызға көптеген қосымша қызметтер ұсынады. Біздің SPA-салонның ғажайып демалу атмосферасына кенеліп, ұмытылмас демалыстан ләззат алыңыз.

Қонақтарымыздың жайлы уақыт өткізуі мен ыңғайлылығы үшін қонақ үйде тәулік бойына ресторан-бар мен лобби-бар жұмыс жасайды. Сонымен қатар іскерлік кездесулер мен 400 адамға банкет қызметтерін ұсыну мүмкіндігі бар түрлі іс-шаралар өткізуге арналған залдар бар.

Қонақ үйдің жақын маңында:

  • Жаңа алаң
  • Н.Бекежанов атындағы драма театры
  • Сауда-ойын-сауық орталықтары
  • Банкирлер алаңы
  • Әуежайдан қонақ үйге дейінгі қашықтық 19 км.
  • Т/ж вокзалынан қашықтық 3 км.

Бөлмелер

Санаттар бойынша 79 бөлмелер:

  • Жартылай люкс
  • Екі төсек орынды жартылай люкс
  • Отбасылық бөлме
  • Люкс
  • Президенттік апартаменттер

Ballroom

Сіздің қызметіңізге «BALLROOM» Банкет залы, кез келген іс-шараға арналған тамаша қолайлы орын!

SPA

Сіз жоғары жайлылық пен салтанатта уақыт өткізе алатын, жанданған қала өмірінен тыс тамаша баспана болатын, сыпайы және оңаша орын.

Конференц залы

Біздің 4 эксклюзивті залымызда Сіз әріптестермен кішігірім кездесуден ірі семинарларға дейінгі кез келген іскерлік іс-шара өткізе аласыз.

Қосымша қызметтер

  • Тәулік бойы бөлмелерде қызмет көрсету
  • Кір жуу қызметтері
  • Жаттығу залы
  • Сауна
  • Бассейн
  • Кредиттік карталардың кез келген түрімен төлем қабылдау
  • Көлік тұрағы
  • Трансфер қызметерін ұсынамыз (әуежай-қонақ үй, қонақ үй-әуежай). Қызмет бағасы 7000 теңге бір бағытта

Есептік уақыт

  • Келу уақыты - 14:00. Шығу уақыты - 12:00
  • 06:00 - 14:00 ерте келу жағдайында, бөлменің толық сомасының жартысы төленеді.
  • 12:00 - 18:00 кеш шығу жағдайында, бөлменің толық сомасының жартысы төленеді.
  • Бөлме бағасына таңғы ас, интернет, SPA-кешені кіреді
  • Барлық бағалар теңгемен және 12 % ҚҚС есебімен көрсетілген.